Құжатқа «QazaqGaz «ҰК» АҚ геологиялық барлау жәнеперспективалық жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов пен СNPC-Ақтөбемұнайгаз бас директоры Ли Шуфэн қол қойды. Қол қою рәсімі «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен CNPC төрағасы Дай Хоулянның қатысуымен өтті.
Келісім серіктес тарапынан 100% carry-қаржыландыру шарттарында «Северный-1» учаскесінде бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін негіз болады.
«Северный-1» учаскесі Қазақстанда барлау үшінперспективалы газ қорларының бірі ретінде қарастырылады. Carry-Қытай тарапы жобаның бастапқыкезеңдерінде барлық шығыстарды өзіне алатын, қазақстандық компания үшін тәуекелдерді төмендететін қаржыландыру тетігі.
CNPC қазірдің өзінде кен орындарын игеру, өңдеу және экспортты қоса алғанда, Қазақстанның мұнай-газсекторында кең ауқымды қатысуға ие. QazaqGaz-пен жаңакелісімге қол қою екіжақты энергетикалық әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді.
CNPC (China National Petroleum Corporation) –Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы,Қытайдағы мұнай мен газдың ең ірі өндірушісі жәнежеткізушісі және әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық топтардың бірі. CNPC 30-дан астам елде активтерге ие.