Түрікменстанға сапары аясында «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Батыр Амановпен және «Türkmengaz» мемлекеттік концернінің төрағасы Максат Бабаевпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің газ саласындағы жемісті ынтымақтастығын күшейту жоспарларын талқылады.
Атап айтқанда, өндіру активтерін бірлесіп игеруге, екі елдің аумағында газ құбыры жобаларын іске асыруға және газды өзара тиімді негізде жеткізуге өзара мүдделілік атап өтілді.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар газ саласындағы стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.