Satti қазақстандық өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысы желтоқсан айында Каспий теңізінің түрікмен секторында барлау ұңғымасын бұрғылауға кіріседі.
Осы жылдың тамыз айында бұрғылау қондырғысына иелік ететін KMG Drilling and Services компаниясы жоба операторы – Dragon Oil Turkmenistan Ltd компаниясымен келісімшартқа қол қойды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны өз қызметін жедел және тиімді жүзеге асыру үшін Ашхабадта кеңсе ашты.