Ресей, түрікмен және өзбек газдарын Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау ұлғайтылатын болады
Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында баяндама жасап, мәлімдеді.
«2023 жылдың қазан айында Ресей газының Өзбекстан Республикасына транзиті іске қосылды. 2023 жылы 1,28 млрд. м3 тасымалданды, биылғы жылы жылына 11 млрд.м3 дейін ұлғайта отырып, 3,8 млрд. м3 дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, тұрақты өсім түрікмен және өзбек газдарының Қытай Халық Республикасына транзитін көрсетеді. Биылғы жылы транзитті 37,1 млрд.м3 (өткен жылмен салыстырғанда+1,5 млрд. м3) дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, талқылау сатысында Ресей газының Қырғызстанға транзитін ұлғайту мәселесі тұр», — деді Энергетика министрлігінің басшысы.