ҚМГ басшылығы «Ural Oil&Gas» ЖШС Рожковское газ конденсатты кен орнында болды.
Кен орны 2008 жылы ашылды, ол Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан.
Компанияның акционерлері ҚМГ (50%), венгриялық MOL (27,5%), қытайлық FIOC (22,5%) болып табылады. Бұған дейін Petrocouncil және Ural OIl&Gas ҰКП жаңа ЕPC жобасы бойынша онлайн форум өткізді, онда ағымдағы жылдың соңына дейін жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өндірудің әлеуетті көлемі бар кен орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, «Ural Oil&Gas» ЖШС Бас директорының орынбасары Данияр Оразбаев ҚМГ басшылығына жобаны іске асыру туралы баяндады.
Рожков кен орнынан шыққан Газ «Жайықмұнай» ЖШС ГӨЗ-ге жіберіледі, содан кейін тауарлық газ Қазақстанның ішкі нарығына шығатын болады.