«ҚазТрансОйл» қазақстандық мұнай экспортын ұлғайтты

2023 жылдың 9 айында қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2 млн 484,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 864 мың тоннаға немесе 53% — ға артық.

Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портының бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайып, 990,2 мың тоннаны құрады. Махачкала портының бағыты бойынша Ақтау портынан 1 млн 494,6 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз.

2022 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтуды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және SOCAR (Әзірбайжан) мемлекеттік мұнай компаниясы «Баку — Тбилиси — Джейхан»мұнай құбыры бағытында Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасасты.