«ҚазТрансОйл» 1 қыркүйектен бастап мұнай айдау тарифін өзгертеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2024 жылғы 31 шілдедегі бұйрығына сәйкес магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстанның ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ жаңа тарифтері бекітілді.

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 тамызға дейін тариф 455,64 теңгеге немесе 9,4% — ға азайып, 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 396,23 теңгені құрайды.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұл тариф 1000 км-ге 1 тоннаға 4 915,21 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды, бұл 518,98 теңгеге немесе 11,8% — ға артады, делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік,» ҚазТрансОйл » Қазақстанның МӨЗ мұнай жеткізілімінің 90% — дан астамын қамтамасыз етеді.