«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ребрендинг жасап QAZAQGAZ AIMAQ болды

Өзгеріс компанияның атауы мен логотипіне ғана қатысты емес, трансформация ішкі бизнес-процестердің көпшілігіне әсер етеді.

Осылайша, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ газды тасымалдаудан бастап оны түпкілікті тұтынушыға сатуға дейінгі өндірістің толық циклін, сондай – ақ өзінің газ тарату желілері мен олардағы құрылыстарды дербес пайдалануды өзіне қайтарды.

«Бұл жылыту маусымына дайындықты тиімді жүргізуге, түрлі оқиғалардың алдын алуға және технологиялық бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», — деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, компания Қазақстанның шамамен 12 млн тұрғынын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді, Жалпы алғанда 69 000 км астам газ тарату желілерін пайдаланады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысы 2022 жылы 5,6 млрд теңгенің шығынына қарсы 3,5 млрд теңгені құрады.