«ҚазМұнайГаз «ҰК»АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 26 желтоқсанда Атырауда АМӨЗ және KPI қызметі бойынша өндірістік кеңестер өткізгенін хабарлайды.
Кеңестерде тапсырмаларды орындау мәселелері, 2024 жылғы зауыттар жұмысының қорытындылары және болашақ жоспарлары талқыланды.
«АМӨЗ» ЖШС бойынша Асхат Хасенов зауыттың 2024 жылға арналған өндірістік бағдарламаны сәтті орындағанын және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырғанын атап өтті. Сондай-ақ АМӨЗ ескірген жабдықтарын жаңғырту мәселелері қаралды.
«KPI» ЖШС қатысты зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 2024 жылы компания алау шығындарын азайту, шикізат пен энергия ресурстарын тұтыну нормаларын оңтайландыру, полипропиленнің мақсатты маркаларын шығару үлесін арттыру бойынша міндеттерді орындады.»