«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мирзағалиев барлау ұңғымаларын бұрғылаудың жақын арада жоспарлары туралы айтты.
«Бірінші кезекте, қазіргі барлау жобаларының жақын арада жоспарлары арасында Абай блогында тереңдігі 2500 метр барлау ұңғымасын теңізде бұрғылауды атап өту керек», — деді Мазғұм Мирзағалиев.
Бұл ретте ҚМГ басшысы компанияның 2024 жылы тағы екі терең ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Терең жатқан шөгінділерді зерттеу аясында биыл ҚМГ Атырау және Қызылорда облыстарындағы «Қаратон-Тұз» және «Торғай-Палеозой» жобаларында әрқайсысы 5,5 шақырым болатын екі терең ұңғыма бұрғылауды бастауды жоспарлап отыр», — деді ол.