«Қазмұнайгаз» компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев CNCEC компаниясының өңірлік директоры Чжиюань лумен кездесті.
Тараптар Атырау мұнай өңдеу зауытында газ турбиналы электр станциясын (ГТЭС) салу мәселелерін талқылады.
ГТЭС АМӨЗ-нің жаңа бөлігі үшін сыртқы электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуі, жабдықтың ажыратылуын барынша азайтуы және штаттан тыс жағдайлар кезінде алау қондырғыларына мәжбүрлеп төгу қаупін азайтуы тиіс.
2023 жылдың соңына қарай жобаны іске асыру үшін серіктесті анықтау, сондай-ақ әлеуетті инвестормен келісім жасасу жоспарлануда.