«ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы бойынша кеңес өткізді. 2023-2024 жылдарға арналған жоба бюджеті 68 млрд теңгені құрады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасын 2023 жылы бастады. Ал ағымдағы жылдың ақпан айында қосымша 23 ұңғыманы пайдалануға берілді.

 

Биылғы жылы тағы 31 жаңа ұңғыманы бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу, мұнай беруді арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сондай-ақ жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу шеберханасын жаңғырту жоспарлануда. Бұл бірнеше жыл ішінде OMG мұнай өндіруді жылына ~5,2-5,5 миллион тоннаға дейін арттыруға көмектеседі деп күтілуде.