Қазақстанда Қытайға мұнай экспортының көлемін ұлғайту жоспарлануда — Энергетика министрлігі
АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстан Қытайға мұнай экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
«Қазақстандық мұнайдың Қытайға транзитін ұлғайту үшін бірқатар техникалық іс-шараларды жүзеге асыру қажет: Кеңқияқ-Атырау, Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын кеңейту. Жобаларды «ҚазТрансОйл» компаниясы жоспарлаған», — деді министр мәжіліс аясында.
Мұнай құбырларын кеңейтуді техникалық тұрғыдан 2-3 жыл ішінде аяқтау жоспарлануда. Қазір қытайлық серіктестер — China National Petroleum Corporation (CNPC) — мен келіссөздер белсенді жүргізілуде, деп атап өтті ол.
«Біз қазірдің өзінде қытайлық серіктестермен келіссөздердің белсенді кезеңін бастадық. Біз көлемді қоюға дайын болатын ресурс ұстаушыларға белгілі бір кепілдіктер беруіміз керек», — деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.
Техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін ҚХР-ға мұнай жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігі болады, деп толықтырды министр. Жеткізілім көлемі келіссөздер қорытындысы бойынша жарияланады.