Қазақстан жыл басынан бері мұнай өнеркәсібінен 2 триллионнан астам қаржы алды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 11 айда саладан түскен пайдалы қазбаларды өндіру салығы 655,2 млрд теңгені құраған. Саланың рента салығы 415,6 миллиард теңгеге жетіп, шикі мұнайға экспорттық кедендік баж салығы 1,2 триллион теңгеден астам теңгені құрады.
Осылайша, жалпы сома 2,3 трлн теңгеден асты.