Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстанға ресми сапары барысында өткен брифингте экономиканың негізгі секторларында бірлескен кәсіпорындар құру перспективаларын зерделеу туралы уағдаластық туралы мәлімдеді:

«Энергетика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту басым міндет болып айқындалды. Соңғы жылдары мұнда айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Қазақстан Түркіменстанның газ конденсатты кен орындарын игеру, сондай-ақ құбыр инфрақұрылымын кеңейту жобаларына белсенді қатысуға ниетті. Бүгін QazaqGaz компаниясы мен «Түрікменгаз»мемлекеттік концерні арасында газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды. Үкіметтерге осы аса маңызды саладағы уағдаластықтардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Қазақстанның мұнай-газ компаниялары Каспийдегі мұнай сервистік қызметтер саласында түрікмен әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі».

Сурет: kt.kz