Қазақстан мұнайдың жаңа жолдарын іздеуде

Қазақстандық мұнай экспортының едәуір бөлігі Ресей арқылы транзитпен тасымалданады. Бұл КТК, Атырау-Самара, Махачкала-Новороссийск құбырлары.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Каспий теңізі арқылы қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

— оның ішінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап Ақтау портынан Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша мұнай жөнелтілімдері басталды.

— Баку-Супса мұнай құбырын пайдалану мүмкіндігін қарастыру мәселесі қарастырылуда.

— орта мерзімді перспективада Ақтау портының жұмыс істеп тұрған нысандары арқылы транскаспийлік мұнай тасымалдауды ұлғайту да мүмкін.

— бұдан басқа Қазақстан Германияға мұнай жеткізе бастады. 2024 жылы 1,2 миллион тонна экспорттау жоспарлануда.

— Шымкент мұнай өңдеу зауытының кеңеюін ескере отырып, Кеңқияқ – Атырау және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын одан әрі кеңейтуге болады.