«Қазақтүрікмұнай» ЖШС («ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) Ақтөбе облысындағы Қаражар учаскесінде тереңдігі 3000 метр болатын алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті.
Қаражар учаскесі-Каспий маңы шөгінді бассейнінің Шығыс бортындағы пермо-триас тұзағы. Геологиялық құрылымның тікелей аналогы-Оңтүстік Қаратөбе кен орны.
«Барлау блогында алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау-Ақтөбе облысының ресурстық базасын нығайтудағы маңызды кезең»,-деп атап өтті»ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі.