Қазақстанда мұнай өндіру қысқарады

Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру көлемі екі миллион баррельге қысқарады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Бұған дейін 2022 жылдың соңына қарай мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион тонна болады деп жоспарланған болатын.

«Аздап төмендеу бар, 2 млн. (тонна — ред.). Барлығы 85,7 млн. Бірақ біз жоғары бағаны өтеп жатырмыз», — деді министр үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. .

Бұған дейін Қуантиров республикалық бюджетке көктемгі түзетулерде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 доллар болып белгіленгенін айтқан болатын.