«Intra Service Company» ЖШС коммерциялық директоры Әйгерім Жетібаева мұнай нарығының ағымдағы жағдайы туралы:

«Қазір бүкіл әлемде ірі мұнай өңдеу зауыттарының іске қосылуымен бірге мұнайға үлкен сұраныс бар. Әсіресе, Әл-Зурдағы мега-мұнай өңдеу зауытының үшінші кезегінің іске қосылуы нағыз оқиға болмақ, өйткені бұл қуаттылығы 31 миллион тоннаны құрайтын әлемдегі ең ірі зауыт. Мұнай төңірегіндегі дүрбелең қазақстандық шикізатқа, жоғары сапалы күрделі жөндеуге және профилактикалық қызмет көрсетуге сұранысты арттырады», — деді Әйгерім Жетібаева PetroMaintenance 2023 форумы мен көрмесінде.