Энергетика министрлігіндегі кадрлық өзгерістер
Мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры болып Уәлихан Ізбасханов тағайындалды. Бұған дейін Уәлихан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің директоры болған.
Газ және мұнай-газ химиясы департаменті газ өнеркәсібі департаменті және мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаменті болып бөлінді.
Уәлихан Ізбасханов 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (бакалавр) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (магистр) бітірген. ДББ академиясында (Германия, Берлин қаласы), сондай-ақ Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде (БАӘ, Дубай қаласы) шетелдік тағылымдамадан өтті.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің құрылымында Жастар практикасы бойынша тағылымдамадан өтті. 2012 – 2016 жылдары «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы»ММ жетекші бас маманы болып жұмыс істеді. 2016 жылы – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ экономисі. 2016 – 2019 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»ММ Өңірлік даму бөлімінің басшысы, сондай-ақ экономикалық саясат және талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2019 жылы — «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»ММ басқарма басшысының орынбасары. 2020-2022 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің директоры.
Қазақстан Республикасы президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.