Дүниежүзілік мұнай конгресі Қазақстанда 2028 жылы өтеді.
Қазақстандық WPC energy ұлттық комитеті KAZENERGY қауымдастығы атынан Лондонда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (қазіргі WPC Energy) басшылығымен кездесу өткізді.
Іс-шараға KAZENERGY төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және WPC Energy президенті Педро Мирас қатысты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 2028 жылы Астанада WPC Energy 26-шы Конгресін өткізу туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Астананың өтінімін Кеңестің барлық қатысушылары бірауыздан қолдады (әлемдік мұнай мен газ өндірісі мен тұтынуының 96% — % құрайтын әлемнің 57 елі).
WPC Energy конгресінің ғасырлық тарихы бар және 1933 жылдан бері өткізіліп келеді. Астанадағы Конгресс Қазақстанда өткізілетін осындай көлемдегі алғашқы халықаралық мұнай-газ іс-шарасы болмақ.