«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» Жаңажол кен орнында алты ұңғыма бұрғылайды

Учаске Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы мұнай-газ конденсаты кен орнының келісімшарттық аумағында, Қандағаш қаласынан оңтүстікке қарай 130 км жерде орналасқан.

Жұмыста заманауи негізгі және қосалқы бұрғылау жабдықтарымен, механикаландыру, автоматтандыру және технологиялық процестерді бақылау құралдарымен жабдықталған ZJ–45, ZJ–50, ZJ-70 бұрғылау қондырғысы пайдаланылатын болады.

Жұмыстарды жүргізу ұзақтығы келесі кезеңдерден тұрады (барлығы 122 тәулік): құрылыс-монтаждау жұмыстары – 20 тәулік; бұрғылауға дайындық жұмыстары – 2 тәулік; бұрғылау және бекіту – 100 тәулік. Бұрғылау жұмыстарының барлық көлемін 2025 жылдың соңына дейін орындау жоспарлануда.

Процесс аяқталғаннан кейін бұрғылау жабдықтары бөлшектеледі. Барлық ұңғымалар 2042 жылы аяқталатын жер қойнауын пайдалану келісімшарты аяқталғанға дейін пайдаланылатын болады.