Бақытжан Таубаев ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры болып тағайындалды.

Бақытжан Италияның Турин қаласындағы политехникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын «Жамбыл Петролеум» ЖШС, «Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС бұрғылау жөніндегі бақылаушы, бұрғылаушы инженері болып бастаған. Сондай-ақ «Жамбыл Петролеум» ЖШС, «Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС өндіріс жөніндегі орынбасары болды.

Соңғы қызмет «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары болды.