Атырау МӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды
Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазанда жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды. Жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің графигімен бекітілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Бұл жоспарлы жұмыстар технологиялық қондырғылардың одан әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жабдықтың тұрақты күйін сақтау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үнемі қажет.
ППР кезеңінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.