Ақтау битум зауыты жылына 550 мың тоннаға дейін өнім шығаруға дайын
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ақтау битум зауытында («CASPI BITUM» БК» ЖШС) өндіріс қарқынының төмендеуі тіркелді. Кәсіпорын 100 мың тонна жоспардың орнына 29,5 мың тоннаға жуық өнім өндірді. Себебі, жол-құрылыс ұйымдарынан өтініштердің болмауы, зауыттан дайын өнімнің әлсіз іріктелуі және олпардың жүк тасымалдаушыларға уақытылы төлем төлемеуі.
Зауыт максималды өнімділікпен жұмыс істеуге дайын. Барлық жағдай жасалған. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна битум шығаратын зауыт 550 мың тоннаға дейін өндіре алады.
Пайдаланылған мұнай ең жоғары сапалы битум шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің сапасын бақылау бірнеше кезеңдерді қамтиды. 2021 жылдан бастап өнімдер ай сайын Ұлттық жол активтерінің сапа орталығымен бағаланады.
2023 жылы зауытқа Энергетика министрлігінен жұмыс тобы келді. Алынған сынамалар битумның қазақстандық стандартқа толық сәйкес келетінін көрсетті.