«2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,2% — ға артық.
Атап айтқанда:
— метил-терт-бутил эфирі (бензиндегі октанды ұлғайтуға арналған қоспа) – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3 мың тонна немесе 14,6% артық.
Өндірушілер: Нефтехим ЛТД және Шымкент химиялық компаниясы.
— полипропилен — 241 мың тонна, өсуі 56%;
Өндірушілер: KPI және Нефтехим ЛТД.
— бензол-26,6 мың тонна, өсімі 33%;
— параксилол-109,4 мың тонна, 6 есе ұлғайды, өйткені 2023 жылы Атырау МӨЗ-де ароматика қондырғысы негізінен отын режимінде жұмыс істеді.
Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі»