1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы өсті

Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме бағасы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 45 158 теңгені (бұрын — 40 320 теңге) құрайды.

Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының ұлғаюына байланысты 2024 жылғы 1 шілдеден бастап автомобиль газының құны мынадай мөлшерде белгіленді:

  • Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары, ШҚО – литріне 84 теңге (76 теңге болды);
  • Алматы, Алматы облысы, СҚО — 89 теңге (81 теңге болды);
  • Шымкент, БҚО, Қызылорда облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары — 59 теңге (54 теңге болды);
  • Жамбыл облысы — 78 теңге (71 теңге болды);
  • Павлодар облысы — 81 теңге (74 теңге болды);
  • Түркістан облысы-70 теңге (64 теңге болды).