Қашаған бір айға жабылады
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады.
Осыған байланысты осы кен орнында мұнай мен газ өндіруді айтарлықтай төмендету жоспарлануда және осы кезеңде оператор жыл басынан бері жинақталған артық өндіріс көлемін өтеуді жоспарлап отыр.
«Күрделі жөндеу кезеңінде ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін газ жетіспеген жағдайда газ көрші елдерден импортталатын болады»,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Сурет: gov.kz