Қазақстанда 2030 жылға қарай газ тапшылығы болмайды – Энергетика министрлігі
«Біз Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында сұйытылған газ өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз»,-деді вице-министр Әлібек Жамауов Парламенттегі отырыста.
Оның айтуынша, Қашағанның көлемі жылына 800 мың тоннаны, Қарашығанақтан жылына 600-700 мың тоннаны құрайды.
Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газ тапшылығы оны өндірудің ұлғаюына қарамастан ай сайын 35 мың тоннаны құрайтыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан