Chevron Қазақстанда газ іздеуге көмектеседі

Бұған дейін QazaqGaz Chevron компаниясымен Ақтөбе облысындағы Жалибек учаскесінде көгілдір шикізат көлемін зерттеу бойынша инвестициялық келісімге қол қойған болатын.

Ұлттық компанияның мәліметінше, I кезеңде инвестордың қаражаты есебінен бұрын жүргізілген сейсмикалық барлау жұмыстарын қайта өңдеу және түсіндіру жоспарлануда. Содан кейін анықталған перспективалық нысандар және зерттелетін жаңа ұңғымалардың орналасуы талқыланады.

Сонымен қатар, оларды әрі қарай геологиялық барлау үшін ҚР шөгінді бассейндері тұрақты негізде зерттелуде. Перспективалы учаскелер жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасының тізбесіне енгізіледі.

Әрі қарай, QazaqGaz-қа бекітіліп берілетін аумақтар бойынша ұлттық компания кэрри-қаржыландырудың 100% шарттарында бірлескен барлау жұмыстары бойынша әлеуетті инвесторлармен уағдаласады.

Биыл жаңа газ кен орындарын пайдалануға беру жоспарланбаған.

2024 жылы 60,5 млрд текше метрді шығару жоспарлануда.

Дереккөз: © LS