Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт ГӨЗ салынады

2026-2030 жылдар аралығында 4 газ өңдеу зауытын кезең-кезеңімен пайдалануға беру басталады:

— қуаты жылына 1 және 2,5 млрд м3 Қашаған кен орнының шикізат базасындағы екі зауыт. Осы мақсатта UCC Holding (Катар)инвесторы тартылды;

— Қарашығанақ кен орнының шикізат базасында қуаттылығы жылына 4 млрд м3-оператордың қаражаты есебінен;

— қуаты жылына 900 млн м3 болатын Жаңаөзен қаласындағы ҚазГӨЗ зауыты.

(Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Үкімет отырысындағы баяндамасынан)