1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы өсті
Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме бағасы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 45 158 теңгені (бұрын — 40 320 теңге) құрайды.
Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының ұлғаюына байланысты 2024 жылғы 1 шілдеден бастап автомобиль газының құны мынадай мөлшерде белгіленді:
- Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары, ШҚО – литріне 84 теңге (76 теңге болды);
- Алматы, Алматы облысы, СҚО — 89 теңге (81 теңге болды);
- Шымкент, БҚО, Қызылорда облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
- Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары — 59 теңге (54 теңге болды);
- Жамбыл облысы — 78 теңге (71 теңге болды);
- Павлодар облысы — 81 теңге (74 теңге болды);
- Түркістан облысы-70 теңге (64 теңге болды).