QazaqGaz және» Шеврон » Ақтөбе облысындағы Жалибек учаскесінде геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық туралы жариялады

Бұл туралы келіссөздер шамамен бір жылға созылды, енді тиісті келісімге қол қойылды. Қол қою рәсімі Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті.

Бірінші кезеңде «Шеврон» қолда бар сейсмикалық деректерді өңдейді және техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған Келісімді неғұрлым ауқымды ынтымақтастықтың әлеуетті бастамасы ретінде қарастырады.

Жалибек учаскесінде әлеуетті газ және газ конденсаты кен орнын одан әрі геологиялық барлау және игеру перспективада тауарлық газдың ресурстық базасын дамытуға және елдің экономикалық өсуіне ықпал ететін болады деп күтілуде.