Атырау, Павлодар және Шымкентте үш ірі мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) бар «Қазмұнайгаз» компаниясы Атырау МӨЗ-дегі қытайлық Sinopec компаниясының 50% — дық үлесін сату туралы ақпаратты растамайды

«ҚазМұнайГаз» Sinopec (ҚХР) компаниясының Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) қатысу үлесінің 50%–. сату туралы ниетін растамайды», — делінген ҚМГ хабарламасында.

Ұлттық компания 12 маусымда қытайлық Sinopec компаниясы мамандары делегациясының Атырау МӨЗ-не жұмыс сапары барысында тараптар 2010-2016 жылдары Sinopec компаниясы бұрын хош иісті көмірсутектер өндіру кешенін және МӨЗ мұнайын терең өңдеу кешенін іске асыруға қатысқанын ескере отырып, зауыттың операциялық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе және ұсынымдармен алмасқанын хабарлады.

«ҚМГ қатысу үлесін сату мүмкіндігі талқыланбады», – деп сендірді»Қазмұнайгазда».