Қазақстанда тауарлық газдың шекті көтерме бағасы қайтадан көтеріледі, бұл жолы орта есеппен 15% — ға өседі. Энергетика министрі 1 шілдеден бастап күшіне енетін тиісті бұйрық дайындады.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес ішкі нарықтағы тауарлық газдың шекті көтерме бағасы жыл бойынша бөлінуімен бес жыл сайын белгіленеді. Қажет болса, олар түзетіледі, бірақ жылына бір реттен көп емес. Мұны ұлттық оператордың – «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның өтініші бойынша, егер ол сатып алатын тауарлық газдың бағасы, оны тасымалдау және сақтау тарифі өзгерсе, сондай-ақ басқа да бірқатар себептер бойынша жасауға болады.