«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов Катарда Power International Holding (PIH)компаниясының басшылығымен кездесті

Тараптар бірлескен жобалардың ағымдағы жай-күйін талқылады.

Наурыз айында Қазақстан мен Катар үкіметтері арасында басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды.

Қор тобы мен PIH жүзеге асырады:

  • газ өңдеу зауыттарын салу бойынша жобалар;
  • «Ақтөбе-Қостанай» магистральдық газ құбырларын және «Бейнеу-Бозой-Шымкент»екінші желісін салу жөніндегі жобалар;
  • Қызылорда облысында бу-газ қондырғысын салу жобасы.