«Лукойл» Қаламқас-Теңіз, Хазар және Әуезов жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндірумен айналысатын Kalamkas-Khazar Operating компаниясының 50 пайыздық үлесі үшін 200 миллион доллар төледі.
«Сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес, белгілі бір шарттар орындалған жағдайда (қосымша сыйақы) сату бағасы 100 миллион долларға түзетілуі мүмкін», — делінген құжатта.
ҚМГ осы Қосымша сыйақыны қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте өзге ұзақ мерзімді қаржы активтерінің құрамында $29 млн (14,154 млрд теңгеге баламалы) мөлшерінде пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активі ретінде таныды.