Қазақстан мұнай-химия өнімдерінің өндірісі мен экспортын арттыруда
Өткен жылы Қазақстаннан мұнай-химия өнімдерінің экспорты 66 пайызға өссе, биыл тағы екі есеге артады.
Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) компаниясының полипропилен өндіретін зауытының іске қосылуымен республика мұнай-химия өнімдерінің өндірісі мен экспортын күрт арттырды. Өткен жылы шетелге экспортталған 250 мың тонна өнімнің 75 пайызы немесе шамамен 190 мың тоннасы KPI шығарған полипропилен болды, деп хабарлайды Argus агенттігінің алдын ала мәліметі. Бір жыл бұрын, тек қараша-желтоқсан айларында (ресми іске қосылғаннан кейін) зауыт экспортқа 54 мың тоннадан астам өнім жөнелткен.
Биыл Қазақстаннан мұнай-химия өнімдерінің жалпы экспорты 500 мың тоннаға жетеді деп күтілуде, оның ішінде шамамен 450 мың тонна пропилен.