«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мұнайын Ақтау портынан тасымалдаудың экспорттық көлемі⚓ 287 мың тоннаны құрады
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мұнайын Ақтау портынан тасымалдаудың экспорттық көлемі⚓ 287 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 мың тоннаға артық. Атап айтқанда, Баку порты бағытында көлем 60 мың тоннаға артып, 116 мың тоннаны құрады. Махачкала портына 171 мың тонна Қазақстан мұнайы🛢️ жөнелтілді, бұл 2023 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 17 мың тоннаға артық.