Қазақстанда 2028 жылы мұнай өндіру 100 миллион тоннадан асады
«2024–2028 жылдары өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқыны 4 пайызды құрайды. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы өндіріс көлемін ұлғайту арқылы мұнай өндіру 100 миллион тоннадан асады», — деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Парламент Сенатында еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған кезде.
Болжам мұнай бағасы барреліне 80 доллар болатын базалық сценарийге негізделген.
Қазақстанда қаңтар-қазан айларында мұнай өндіру 74,8 млн тоннаны құрады. 2022 жылы елімізде 84,2 миллион тонна мұнай өндірілді.