Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 10 айда Қазақстан газ өндіруді 9,7 пайызға, мұнайды 9,3 пайызға өсіргенін айтты

«Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,8%, қызмет көрсету саласында – 5,4% құрады», – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

«2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда айналымы 2,4%-ға өсіп, 102 млрд долларды құрады. Экспорт $57 млрд-тан астам, ал өңделген тауарлар экспорты $18 млрд-қа жетті. Тауарлар импорты $44 млрд-тан астам болды», — деп министр атап өтті.