«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің жобасына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Болат Закиров сайланады

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің жобасына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, Халықаралық жобалар және «Сарыарқа»газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Болат Закиров сайланады.

Жұмыс тәжірибесі: — 1999 жылдан 2009 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ-да стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы, кейін көліктік логистика департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

— 2009-2011 жылдары «ҚМГ-Транскаспий»ЖШС Бас директорының орынбасары, бас директоры.

— 2012-2016 жылдары Бас директордың кеңесшісі қызметін атқарды.

— 2016-2018 жылдары — «KMG Systems & Services»ЖШС Бас директорының кеңесшісі.

— 2018 жылдан — «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ мұнай тасымалдау департаментінің директоры, мұнай тасымалдау басқармасының бастығы.

— 2022 жылғы мамырдан бастап ағымдағы уақытқа дейін — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және газ құбырын салу жөніндегі орынбасары.