Сәлім Нағым «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін ол ҚР Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры қызметін атқарған. Президенттік жастар Кадр резервінің мүшесі болып табылады.
Сәлім Нағлым Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ университетін Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер, Cass Busines School, City University London бітірді.
Еңбек жолын Agip North Caspian company N. V. зауытында оператор болып бастады, ҚазТрансГаз, ҚазРосГаз, ҚМГ, Урихтау Оперейтинг және мұнай-газ саласының басқа да компанияларында еңбек етті.