РФ Вице-премьері Александр Новак пен ҚР елшісі Дәурен Абаев Ресей мен Қазақстанның бейбіт атом, электр энергетикасы және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын талқылады

«Геосаяси жағдайға қарамастан, Ресей-Қазақстан қатынастары жақсы қарқынмен дамып келеді. Ресей жауапты сауда-экономикалық серіктес болып қала береді», — деді Новак.

Тараптар елдер арасындағы тауар айналымының өскенін атап өтті. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде оның көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,3% — ға ұлғайды.